The importance and prospects of the cluster approach in the development of the economy of Kazakhstan
Ғылыми мақалада Қазақстан экономикасын жаһандандыру жағдайында дамыту үшін кластерлік тәсілдемені қолданудың маңыздылығы мен болашағы қарастырылған. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде қазіргі нарықтық экономикада, әр сала мен аймақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында өндірістік кластерлер құру қажеттігі негізделген. Қазақстанның мұнайлы аймағы Атырау өңірінде, республиканың экономикасына үлкен үлес қосып отырған мұнай-газ саласын ары қарай дамытып, әртараптандыру үшін мұнай химиясы кластерін құру аса маңызды екені анықталды және негізделді. Жұмыста Қазақстанның мұнай химиясын қалыптастыру мен дамытуға негіз болатын мұнай өңдеу және химия кәсіпорындары талданды; Атырау облысында мұнай химиясы кластерін құруға қажетті ресурстарын және күтімді нәтижелері бойынша негізгі көрсеткіштер мен мұнай химиясы кластерінің тиімді жұмысы үшін жүзеге асырылуы тиіс шаралары анықталды және Атырау аймағында мұнай химиясы кластерін қалыптастыру мүмкіндігін негізделіп, экономикалық тиімділікке жетудің факторлар тобы анықталды. Кластерлік стратегияны және экономикалык бәсекеге қабілеттілігін толықтай жүзеге асыру үшін импортты ауыстыру кезеңінен мұнай химиясы саласын кең көлемде инвестициялау және мұнай химиясы кластерін қалыптастыру және дамытуға бағытталған үкімет саясаты қажеттілігі тұжырымдалды. Мұнай химиясы саласын дамыту үшін Атырау облысында инновациялық кәсіпкерлікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін, отандық және шетелдік ғылыми потенциалды бағыттау және қолдану қажеттілігі көрсетілді. Кілт сөздер: кластер, кластерлік тәсілдеме, өндірістік кластер, бәсекеге қабілеттік, әртараптандыру, аймақтық экономика, мұнай-газ саласы, мұнай химиясы, Атырау аймағы, инновация. The scientific article examines the importance and prospects of using the cluster approach for the development of the economy of Kazakhstan in the context of globalization. The results of the research substantiated the need to create industrial clusters in order to increase the competitiveness of each industry and region in a modern market economy. In the Atyrau region, which is the oil region of Kazakhstan, it has been created, which allows further development and diversification of the oil and gas industry, which makes a significant contribution to the country's economy. The paper analyzes oil refining and chemical enterprises, which are the basis for the formation and development of petrochemistry in Kazakhstan; resources required to create a petrochemical cluster in the Atyrau region, analyzed the main indicators and measures that must be implemented for the effective operation of the petrochemical cluster; identified groups of factors to achieve economic efficiency; the possibilities and effectiveness of the formation of a petrochemical cluster in the Atyrau region have been substantiated. For the full implementation of the cluster strategy and economic competitiveness, conclusions have been drawn about the need for state policy, which is aimed, from the period of import substitution, at large-scale investments in the petrochemical industry, the formation and development of a petrochemical cluster. For the development of the petrochemical industry in the Atyrau region, it is shown the need to direct and use the domestic and foreign scientific potential, which will raise innovative entrepreneurship to a new level.